Өскеменде жылына 120 мың көлік шығаратын автозауыттың құрылысы басталды

1459

Зауытты салу туралы 9 жыл бұрын келісілген болса да, құжаттарды ресімдеу мен экономикадағы дағдарысқа байланысты кейінге шегерілген еді.

Өскеменде жылына 120 мың көлік шығаратын автозауыттың құрылысы басталды

Өскеменде үлкен құрылыс қайта жанданды: 2020 жылы мұнда жаңа автокөлік зауыты салынады. 500 гектар аумақта 1,5 млн текше метр топырақ тегістеліп, 16 мың текше метр бетон төселіп, 365 бағана тұрғызылды. Цех қаңқасы да дайын тұр, деп хабарлайды energyprom.kz.

Айта кетерлігі, толық циклді зауыт салу 9 жыл бұрын ҚР Үкіметі мен "Азия Авто" АҚ арасындағы өндірістік жинақ туралы Келісім шеңберінде шешілген болатын. Жобаға 400 миллион доллар инвестиция салынбақ еді. Бірақ жоспар өзгерді: алдымен құжаттарды ресімдеуде мәселе туындады, кейін экономикада дағдарыс пайда болды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, "Азия Авто Қазақстан" АҚ жобасы аясында құрылыс жұмыстарының мерзімі 2014-2016 жылдары қазақстандық нарықтың күтпеген қысқаруына байланысты қайта қаралды. Сөйтіп, жоба бойынша жұмыстар белгісіз мерзімге тоқтатылды.

Алайда, 2017 жылы Қазақстанның автомобиль нарығы қайта өсе бастады. Нәтижесінде "Азия Авто Қазақстан" АҚ қуаттылығының бірінші кезегін іске қосу 2019 жылға жоспарланған болатын.

Министрдің айтуынша, нақты мерзім жобаны қаржыландыру мәселесі шешілген соң белгілі болады.

Автокәсіпорынның техникалық даму жөніндегі директоры Дмитрий Попов биылғы жылы цех қораптарының құрылысын толық аяқтау, жабдықтарды монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отырғанын айтты. Техникалық сынаудан кейін 2020 жылы жаңа автозауыт конвейерінен 60 мың автомобиль шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу