Бүгіннен бастап қалада жылу беру тоқтатылады. Бұл туралы "Өскемен жылу жүйелері" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Ауа температурасы +10 С°-тан жоғары шекте тұрақталғандықтан, жылыту маусымы аяқталады. 29-30 сәуір күндері тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатыла бастайды.
Өтініш бойынша жылуды балабақшалар, мектептер мен ауруханалар, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар 22 мамырға дейін пайдалана алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу