Өскемен қаласында зираттан шойын қоршаулардың бөліктерін ұрлаумен айналысқан 2 азамат сотталды, деп жазады inbusiness.kz YK-news.kz порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық схеманы қала маңындағы Степной ауылының М. есімді тұрғыны жасаған. Ол ұрланған қоршауларды металл сынықтарын қабылдау бекетіне жедел жеткізу үшін Қ.Қайсенов кентінде тұратын У. есімді танысын заңсыз қызметке тартқан.
Биылғы жазда бір ай ішінде шойын қоршауларды қолды етіп, марқұмдардың туыстарына 770 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.
Аталмыш іс қараша айында Өскемен қаласының № 2 сотында қаралды.
Екі азамат Қылмыстық Кодекстің 314 және 188 баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар кінәларын толық мойындады.