Өскемендегі "Май" зауытында жарылыс болды

1061

Өскемендегі "Май" зауытында жарылыс болды

Өскемендегі "Май" зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға және онда зардап шеккендер туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр, бірақ әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Өскемен ТЖ қалалық бөлімшесіндегілер өрт немесе жарылыс туралы айтып ешкім хабарласпағанын айтады. Өрт сөндіру бөлімшелері бұл күні ешқайда шықпаған.

Бүгін таралған ақпараттарға қарағанда жарылыс болған, оның салдарынан екі жұмысшы зардап шеккен. Оның бірі аурухананың травматологиялық бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалауда. Ауруханадағылар басқа ақпарат беруден бас тартты.

Еңбекті қорғау мемлекеттік инспекциясының айтуынша, комиссия жасақталған. Төтенше жағдаймен өндірістік қауіпсіздік ведомствосы айналысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу