Өскемендегі 16 көшенің атауын өзгерту мәселесі қаралды

1632

Өскемендегі 16 көшенің атауын өзгерту мәселесі қаралды

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі, деп хабарлайды egemen.kz.

Өскемен қалалық әкімдігінде шаһар көшелерінің атауын өзгерту бойынша өткен қоғамдық тыңдауда облыс орталығындағы 16 көшенің (төртеуіне жаңа атау беру) атауын өзгерту мәселесі қаралды. Ең әуелі атаусыз 4 көшенің жайы қаралып, оларға Жақия Шәйжүнісов, Лев Гумилев, Армандастар және Мейірім атаулары ұсынылды.

Содан кейін Октябрь көшесін - қоғам қайраткері, алаш ардақтысы Мұхаметжан Тынышпаев, Крупская көшесін - өнертанушы Евгений Брусиловский, Революционная көшесін - қазақтың классик жазушысы Қалихан Ысқақ, Советская көшелерін - Адольф Янушкевич пен Александр Затаевич, Дзержинский көшесін - әйгілі әнші Әміре Қашаубаев, Киров көшесін - орыс жазушысы Антон Чехов, Орджоникидзе көшесін - Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Куйбышев көшесін - Нарын, Калинин көшесін - Шыңғыстау, Головков көшесін - Бейбітшілік, Айтықов көшесін - Асар, Октябрь аралындағы атаусыз саябақты Самал деп атау жөніндегі ұсыныстар талқыға түсті.

Қалалық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі бұл ұсыныстарға қолдау білдіріп, қолдарын көтерді. Енді бұл ұсыныстар республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу