Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемендегі Даңқ мемориалында 7199 шырақ жағылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында өңірден шақырылған осыншама жауынгер майданда көз жұмған.
"Осы шырақтар арқылы жергілікті халыққа оларды тағы бір еске салып, өшпес ерліктері мәңгі жүрегімізде екенін жеткіздік. Мерекелеу шарасы отшашумен аяқталды", – дейді әкімдік өкілдері.
Өскеменде "Шырақ жақ" акциясы алғаш рет 1985 жылы өткізілді. Жыл сайын игі шараға қатысушылар саны артып келеді. Биыл Даңқ мемориалы 10 мыңнан астам адамның басын қосты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу