Өскемендегі дауға ҚР бас прокуратурасының араласуына тура келді

993

Өскемендегі дауға ҚР бас прокуратурасының араласуына тура келді

Салықшылар мен автотасымалдаушылар арасындағы тартыс кесірінен Өскемендегі қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін, деп хабарлайды altaynews.kz.

ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті мамандары алты ірі тасымалдаушы-компанияның 4,5 млрд теңге төлеуін талап етіп отыр.

Көлік тасымалымен айналысатын ұйымдардың құқығын қорғау үшін ШҚО кәсіпкерлер палатасы, шағын және орта бизнес жұмысшыларының кәсіподақ ұйымы, Өскемен қалалық әкімдігі мен ҚР бас прокуратурасы ат салысып жатыр. Егер салықшылардың талабы бойынша бұл компаниялардың есеп-шоты бұғатталса, онда  автобустар қызметін тоқтатады. Себебі олар жанармайсыз қалады.

ШҚО кірістер департаментінің мамандары өткен жылы тексерістерден кейін,  транспорт ұйымдарының басшылары  жеке кәсіпкерлермен  яғни автобус жүргізушілерімен өзара келісімшарт жасау барысында заң бұзғандығын анықтаған.  Олар  қосымша құн салығымен корпоративтік табыс салығын айналып өтіп отырған. Соманы санай келе, салықшылар 4,5 мллрд теңгені есептеп берген.

Осындай нұсқаны айтып отырған  ШҚО кәсіпкерлер палатасының төрағасы Игорь Шацкий мән-жайды толыққанды анықтап, оң шешім қарастыруды сұрап облыс  әкімінің орынбасары Серік Ақтановқа хат жолдады.

Хатта, " қаладағы ірі автотасымылдаушылардан қомақты соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алу амалдары аталған ұйымдардың жұмысын тоқырауға алып келеді, сәйкесінше жолаушылар автобустары да тоқтайтын болады, өйткені олар тіпті жанар жағармай да сатып ала алмайды.  ШҚО кірістер департаменті "виртуалды" есептеулер жүргізіп отыр және  ол өте ірі көлемде болғандықтан ешқашан  өндірілмейді де", - деп жазылған хатта.

Тасымалдаушылар салықшылар үстінен шағымданып жатыр. Олар облыс әкімдігінен, ШҚО прокуратурасынан көмек  сұраған. Аталған сала мамандары даудың  бүге-шігесін қарастырып, ШҚО кірістер департаментінің шешіміне  өз наразылықтарын білдірді. Қазір бұл дау-дамайды шешуге ҚР бас прокуратурасының да араласқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу