Өскемендегі дүкен сөрелерінен сапасыз тамақ өнімдері анықталды

1222

Талап үдесінен шықпайтын азық-түліктің көпшілігі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия сынды елдерден жеткізілген.

Өскемендегі дүкен сөрелерінен сапасыз тамақ өнімдері анықталды

Шығыс Қазақстан облысына шетелден әкелінетін 289 өнім еліміздің техникалық регламент талаптарына сай емес. Бұл туралы өңірдегі қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.

Талап үдесінен шықпайтын азық-түліктің көпшілігі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия сынды елдерден жеткізілген.

Мамандар ет, сүт, балық, шұжық және шырын түрлеріне сараптама жүргізген. Мәселен, сүт құрамы 4 пайыз майлылықты көрсетсе, тексере келе бұл көрсеткіштің 3 пайыздан да төмен екені анықталды. Ал шырын түрлерінде 1 литр сусыннан тиісті мөлшерден артық нитраттар табылған. Осылайша сапасыз өнімдерді саудалағаны үшін 170 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды.

"Азық түлік қауіпсіздігі монтирингісін жүргізу барысында 527 сауда орнын қарап шықтық. Ол жердегі өнімдерден 5833 сынама алынды. Нәтижесінде барлығында да талаптардың сақталмағаны белгілі болды",– деді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Алена Кравченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу