Өскемендегі электробустардың сынақ мерзімі аяқталды

854

Өскемендегі электробустардың сынақ мерзімі аяқталды

Өскеменде 30 күн бойы сынақтан өткен электробустардың сынақ мерзімі аяқталды, енді оның артық - кем тұстарын сарапшылар анықтайтын болады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындардан электробус туралы пікірлерін жариялауды өтінді. Ал сарапшылар қазір қоғамдық көліктің шығыны мен пайдасын таразылап жатыр.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен мен Семей үшін 200 жаңа автобус сатып алынатынын айтқан болатын. Іштен жану қозғалтқышы арқылы жүретін әдеттегі автобус па немесе электробус па, алдағы уақытта таңдалады.

Сынақ мерзімінде өскемендіктер электробустардың жолда тоқтап қалып, оны сүйретіп әкетіп бара жатқанын бірнеше рет көрген. Мұның себебі көліктің техникалық ақауы емес, оның қуатының тасуылып қалуымен түсіндірілген еді.

Электробустар күніне екі мәрте қуатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу