Өскемендегі хайуанаттар бағынан 4 марал мен 4 бұғы еркіндікке жіберілді

1977

Енді олар Сібі көлдері маңындағы Байша шатқалын жайлайды.

Өскемендегі хайуанаттар бағынан 4 марал мен 4 бұғы еркіндікке жіберілді

Бақтағы тұяқтылар саны көбейіп, 20-дан асқандықтан олардың біразы еркіндікке жіберіліпті, деп хабарлайды 24.kz.

Мүйізділер Сібі көлдері маңындағы Байша шатқалына жіберілді. Аталған аумақта жануарларға төнетін қауіп жоқ.

"Бұл аумақ барлық жағынан қоршалған, тек бір ғана жолмен өтуге болады. Арнайы қорғалатын қорық, сондықтан бөтен ешкім жүрмейді, аңшылыққа мүлдем тыйым салынған", – дейді "Облыстық орман және аң шаруашылығы" ММ басшысының орынбасары Василий Ткаченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу