Өскемендегі халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында өрт шықты

416

Аталған орталық жұмысын уақытша тоқтатты.

Өскемендегі халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында өрт шықты Фото: Халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі

Өскемендегі Халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы нысанда өрт шықты. АвтоХҚО-ның жанындағы адамдар өздіктерінен қызыл жалынды сөндіруге кіріскен. Бірақ тілсіз жау сөнбеген соң, өрт сөндірушілер келген.

Бүгін әлеуметтік желіде Абай даңғылының бойында орналасқан авто Халыққа қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы видео тараған болатын. 

- Мемлекеттік корпорацияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2023 жылғы 27 маусымда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы ғимаратта өрт шыққанын хабарлайды. Клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоХҚО жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, барлық техникалық жабдықтар мен мұрағаттық құжаттар ғимараттан шығарылғанын, ешқандай зақым келмегенін хабарлаймыз. AвтоХҚО-ның жұмысының қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады, - дейді аталған орталықтың баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 100 шаршы метрге тараған. Қызыл жалынды сөндіруге 33 адамы және 10 бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт толық сөндірілді. Бірақ нақты неден шыққаны әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу