Өскемендегі Қан орталығы "Леди-донор" байқауын жариялады

981

Жеңімпаз 7 наурызда анықталып, демеушілердің арнайы сыйлығымен марапатталады.

Өскемендегі Қан орталығы "Леди-донор" байқауын жариялады

ШҚО-да Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қан орталығы "Леди-донор" байқауын жариялайды. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Конкурсқа қатысу үшін әйелдер 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында Қан орталығына барып, қан тапсырып, тегін донор болуы қажет.

Қан тапсырып болғаннан соң, орталықтың қабырғасында суретке түсіп, Instagram желісінде фотосуретті жариялап, неге донар болғаныңызды жазасыз. Сондай-ақ, желіде @сentrkrovioskemen ресми парақшасын белгілеп, #леди_донор2019 және #ВКОЦК хештегтерін қою қажет.

Қорытынды 5 наурызда шығарылады. Байқау шарттарына сәйкес келетін фотосуреттері бар барлық жарияланымдар ресми парақшаға салынып, онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталады. Аталмыш ресми парақшалар: Facebook – ВКОЦК, VK – "Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы" тобы, Instagram-@centrkrovioskemen, OK – ВКОЦК.

Дауыс беру 6 наурыз сағат 12:00-ге дейін жалғасады. Жеңімпаз 7 наурызда анықталып, демеушілердің арнайы сыйлығымен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу