Өскемендегі кейбір трамвай рельстері апаттық жағдайда тұр

448

Көпір үстіндегі темір жол соңғы рет 1993-1995 жылдары жөнделген.

Өскемендегі кейбір трамвай рельстері апаттық жағдайда тұр Фото: tramway_oskemen

Өскеменде Үлбі көпірінен шығатын жолдардағы трамвай рельстері апаттық жағдайда тұр. Соған сай қала ішіндегі темір жол қатынасы 4-13 қазан аралығында тоқтатылады. 

Қала ішіндегі Үлбі көпірінен шығатын трамвай рельстеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. 4-13 қазан аралығына дейін темір жол қатынасы тоқтатылады. 

Осыған дейін Өскемендегі кейбір трамвай рельстері жөнделген болатын. 

- Үлбі көпірінен шығатын жолдардағы трамвай рельстерін қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарының басталуына байланысты қалада 4 қазан мен 13 қазан аралығында 10 күнге трамвай қозғалысы тоқтатылды, - деп мәлімдеді "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС.

Компанияның мәліметіне сүйенсек, көпір үстіндегі темір жол соңғы рет 1993-1995 жылдары жөнделген. Қазіргі таңда апаттық жағдайда тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу