Өскемен қаласында ауа сапасының бұзылуына себеп болып тұрған қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада ертең де қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Сондықтан, халыққа әлі де далаға көп шықпауға кеңес берілді.
"Өскеменде 20 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Осыған байланысты ауа тұманданып тұр. ҚМЖ қараша айының соңына дейін созылады", – дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Азамат Тәуірбеков.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу