Өскемендегі май зауытындағы жарылыстан зардап шеккен ер адам көз жұмды, деп хабарлады КазТаг.
"Сағат 5.15-те денесінің 70%-ын күйік шалып түскен Алексей Столяров көз жұмды. Оның жағдайы өте ауыр болатын. Ол жан сақтау бөлімшесінде жатты", - деп хабарлады сәрсенбіде Өскемендегі қалалық ауруханадан.
Еске салсақ, 21 желтоқсанда Өскемендегі май зауытында жарылыс орын алды, соның салдарынан кәсіпорынның 2 жұмысшысы зардап шекті. Әсіресе А. Столяров ауыр жарақат алған. Ауруханаға түскен сәттен бастап оны аман қалу үшін барлық шара қабылданды. Оған қатардағы азаматтар да қан тапсырып көмектесуге тырысты.
26 желтоқсанда Өскемендегі май зауытындағы жарылыс дерегі бойынша ҚР ҚК 256 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды.