Өскемендегі май зауытының аумағына зиянды сұйықтық төгілді

530

Бұл ақпаратты көпшілікке эко-белсенділер жариялады.  

Өскемендегі май зауытының аумағына зиянды сұйықтық төгілді Фото: khabar24.kz

Табиғат жанашырлары түсіріп алған видео-материал, экология департаменті мен прокуратура органдарына жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиғадан соң жоспардан тыс тексеріс басталды. Алынған сынама бойынша зерттеулер жүргізіліп, қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемі анықталады. Айта кетейік, бұған дейін  май зауытына Ертіс өзеніне лас су төккені үшін, айыппұл салынған болатын.

"Кәріз желісі бітеліп қалған соң сұйықтық сыртқа төгіліп, учаскенің аумағын ластаған. Бұл – алдын ала мәлімет. Өткен жылы да канализациялық коллектордың жұмысы істен шығып, зауыт аумағына тарап кеткен", - дейді ШҚО Экология департаментінің инспекторы Сергей Усенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу