Өскемендегі мектепте жөндеу жұмыстары әлі бітпеген

513

Жаңа оқу маусымының басталуына екі апта ғана уақыт қалды. 

Өскемендегі мектепте жөндеу жұмыстары әлі бітпеген Фото: inbusiness.kz

Өскеменде сабақ басталуға екі апта қалса да мектептерде жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Қаладағы №12 мектеп-гимназиясының жұмысын мердігер 1 қыркүйекке дейін аяқтауға міндеттелген.

Жуықта қала әкімі Жақсылық Омар аталған білім ошағына жүргізіліп жатқан жұмыс барысын тексеріп қайтты. 

Мердігер ұйым ғимараттың төбесін жөндеп жатыр, 1 қыркүйекке дейін жұмысты аяқтауға міндеттелген. Құрылысқа облыс бюджетінен қаражат бөлінген.

Қала әкімі оқу орнының әкімшілігіне жөндеу барысын жіті бақылауды тапсырды.

– 30 тамызда жөндеу жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Күн райын сылтау етпеңіздер. Бұл өте жақсы мектеп. Мектеп директоры күн сайын құрылысшылардың жұмысын тексеріп, қандай да бір кемшілік болса, маған хабар береді, – деді қала басшысы мердігерлерге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу