Әлеуметтік желіде Өскемендегі бірнеше мектептің оқушылары эвакуацияланып жатыр деген фото-видео тарап кетті. Видео да полицейлер мектептерге кіруге тиым салған.
Қаладағы бес-алты мектептегі екінші ауысымның сабақтары болмай қалды. Полиция департаментіне мектептерге жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келген.
Қалдағы №37, №11, №16, №9, №29 мектептеріндегі дүрбелең туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де желдей есті. Мектептердің ата-аналар тобында да жарыса жазып жатты. Сонымен қатар, білім ошағының жанында жедел жәрдем, ТЖ және полиция қызметтерінің көліктері тұр.
Ал осыған қатысты ШҚО Полиция департаменті әлі де тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
- Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Өскемен қаласының бірнеше мектептерінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерге тексеруді жүргізуде. Қызметкерлер мен мектеп оқушылары эвакуацияланды. Сабыр сақтауды және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ШҚО ПД хабарламасында.