Өскемендегі саяжайлардың бірінде әйел адамның денесі табылды

211

Мәйіттің денесінде жарақат іздері бар. 

Өскемендегі саяжайлардың бірінде әйел адамның денесі табылды Фото: ШҚО ПД

Өскемен қаласының шетінде әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Өскемендегі бау-бақша қоғамдарының бірінің шетінде 45-50 жас шамасында көзге көрінетін дене жарақаты бар белгісіз әйелдің денесі табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның егжей-тегжейі тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан, жария етілмейді. Мәйіт автопарктің жанында "Алтай бағбаны" бау-бақша қоғамында табылған.

"Кісі өлтірді деген күдікті әлі ұсталған жоқ", - деп хабарлады аймақ полициясы.

ШҚО ПД-да Өскемен тұрғындарынан ақпаратқа тек ресми көздерден сенуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу