Өскемен қаласындағы саяжайлардың бірінде итті бауыздаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиғаның куәгерлері ауыр жағдайдағы итті ветеринарлық клиникаға жеткізген. Иттің бес күшігі бар екендігі белгілі болды. Оларды қазір қала тұрғындарының бірі асырап алған.
"ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Итке ветеринарлық қызметкерлер қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, заң бойынша жануарларға қатыгездік танытқандарға 120 АЕК-ке (479 040 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салынып, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылып, не болмаса 30 күнге қамауға алу жазасы тағайындалады.