Өскемен қаласындағы студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өрт 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан жатақханада болған. Оқиға кезінде жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялаған.
Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылар жалынның таралуына жол бермей, 16 шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірді.
– Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу