Өскемендегі трамвай паркінің 62 миллион теңге қарызы бар

740

Өскемендегі трамвай паркінің 62 миллион теңге қарызы бар

Өскемен қаласында трамвай тоқтап қалуы мүмкін. Себебі тасымалдаушы кәсіпорынның аймақтық энергетикалық компанияға қарызы 62 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды khabar.kz.

Егер трамвай паркі берешегін қарашаның 22-не дейін өтемесе, электрден ажыратылады.

Бүгінде бұл кәсіпорынның салық пен түрлі кредиторлық қарызы бірнеше жүз млн теңгеден асқан. Күнделікті жолаушылар тасымалдап жүрген трамвайлардың пайдалану мерзімі әлдеқашан өткен. Көбісінің жүруінен, тұруы көп. Ал рельстер төселгеннен бері бірде-бір рет ауыстырылмаған. Кейбір бөліктері әбден жұқарып, апатты жағдайда тұр.

Кәсіпорын электр энергияға 2016 жылдан бері қарыз. Сондықтан электр беруші монополист компания трамвай паркін сотқа берген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу