Өскемен қаласында Тұрақтандыру қорының өнімдері өтпей жатыр. Тұрғындар тарапынан қор өнімдерінің сапасына қатысты арыздар да аз емес деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Өскемен қаласы әкімдігі отырысында мәлім болғандай, қор өнімдерінің өтпей жатуына бір бұл ғана себеп емес. Оған нарықтағы көкөністер бағасының төмендігі де әсер еткен.
"Өнімдер жақсы жағдайда сақталған. Оларды қалаға жеткізетін көліктер де 30-40 градустардағы аязға шыдас беретін заманауи үлгіде. Тұрақтандыру қорының павильондарына сапасыз өнімнің қайдан келіп жатқандығын анықтау керек. Білуімізше бұған саудагерлердің де қатысы бар. Картоптарды іріктеп, ұсағын қордыкі деп арзан бағамен, ірісін басқа бағамен сату фактілері бар. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының павильондары мен сауда орындарындағы нүкетелеріне көтерме сауда орындарынан кіретін сапасыз өнімдер саудагерлерге тиімсіз болғандықтан қордыкі деп сатылуы мүмкін, – дейді "Приречьное" агрофирмасының басшысы Мұхит Тұмабаев.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қалағы тиесілі қор өнімдерінің саудасын ширату қажеттігін, ол үшін өнімдерді бюджеттік ұйымдардың асханаларына, ауруханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына ұсыну керектігін атап өтті. Сондай-ақ, өзінің орынбасары Елене Литвиноваға өнімдердің сапасының төмендеуіне қандай факторлар әсер етіп жатқандығын анықтауды тапсырды.