Өскемендегі Үлбі металлургия зауытына уранның 28 баллоны жеткізілді

1005

Жалпы ТБУ банкінде 90 метрикалық тонна уран гексафториді сақталады.

Өскемендегі Үлбі металлургия зауытына уранның 28 баллоны жеткізілді

Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің (АЭБХА) Төмен байытылған уран банкі (ТБУБ) Өскемендегі арнайы нысанда төмен байытылған уранның екінші әрі соңғы партиясын қабылдады, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан АЭБХА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы төмен байытылған уранның 28 баллонын Өскемендегі Үлбі металлургия зауытына жеткізді. Уран Қазақстанда өндіріліп, Ресейде байытылды. Сол жерде оны АЭБХА сарапшылары тексеріп, қабылдап алды",– делінген хабарламада.

Еске салсақ, төмен байытылған урнанның бірінші партиясы ТБУ банкіне қазан айында жеткізілген болатын. Ал бұл жеткізілім АЭБХА-ның төмен байытылған уран банкінде сақталуы керек материалдың жоспарланған көлемін толықтырды.

Бұған дейін АЭХА ТБУ банкінде атом электр станцияларында стандартты жеңіл су реакторында отын өндіруге жарамды 90 метрикалық тонна уран гексафториді сақталады деп хабарланған болатын.

"Бұл ТБУ қоры радиактивті қалдық емес. Ол қоғамға және қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл АЭБХА-ға мүше елдерге саяси жағдайларға байланыста дәстүрлі жанармай тасымалы тоқтатылған жағдайға қарастырылған",– деді АЭБХА-ның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу