Өскемендегі "Ядролық технологиялар паркі" сатылмай тұр

850

"Ядролық технологиялар паркі" ғылыми инвестицияларды дамытып, енгізу мақсатында 2005 жылы құрылды.

Өскемендегі "Ядролық технологиялар паркі" сатылмай тұр Фото: kursiv.kz

Курчатов қаласындағы "Ядролық технологиялар паркіне" тендер төртінші рет өткізілмей қалды. Бұл жолы да тендерге қатысушы табылмаған, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ақпарат қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ресми сайтында жарияланды. Парктің бастапқы құны 6,8 миллиард теңгеге бағаланса, бұл жолғы баға 4,8 миллиард теңге төңірегінде болды.

РОСТ-service серіктестігінің дерегінше, парк активтері 5,3 миллиард теңгені құрайды. Конкурс талаптарына сай, үміткерлер ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы парк қызметін үш жыл бойы сақтауға тиіс. Сонымен қатар жылдық кірісі 131 млн теңгеден кем болмауы керек.

"Ядролық технологиялар паркі" басқармасының төрағасы Александр Борисенконың хабарлауынша, бұған ресейлік қаржы тобы қызығушылық танытып отыр. Компания өкілдері Курчатовқа арнайы келіп, мұндағы жобалар мен кәсіпорынның мүмкіндігімен танысыпты. Бірақ, саудаға қатыспаған.  

"Қожайыны өзгеріп, жекенің иелігіне өткесін, мұндағы жұмыс та жандана түсері анық. Егер, мекеме мемлекетке тиесілі болса, жұмыс істеу әлдеқайда қиын. Мемлекеттік сатып алу заңынан бастап, түрлі кедергілерден аяқ алып жүре алмайсыз. Мысалы, өндірісті дамытуға қажет шикізатты конкурс арқылы ғана сатып алуға міндеттісіз. Ал, ол конкурстың тіпті өтпей қалуы да мүмкін. Егер, парк жекенің меншігінде болса, бәрі оңай шешіледі. Келесі конкурста парк бағасы төмендетілуі мүмкін", – дейді  Александр Борисенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу