Өскемендегі жарылысқа күдіктілер әлі анықталмады

655

Ведомоство өкілі болған жарылысқа қатысты екі болжамды айтты.  

Өскемендегі жарылысқа күдіктілер әлі анықталмады Фото: inform.kz

Бүгін Мәжілісте БАҚ өкілдеріне сұқбат берген вице-министрі Санжар Әділов оқыс оқиға технологиялық процестің бұзылуынан болуы мүмкін деп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал екінші нұсқа ретінде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы деген болжам қарастырылған. Қазір қылмыстық кодекстің 156-бабының 4 бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен бірге вице-министр 10-нан астам сот-медициналық сараптамасы тағайындалғанын айтты.  Сараптамалар жүргізіліп, нақты себептері анықталады.

"Әзірге 2 болжам бар. Жарылыстың алғашқы себебі техногендік процестің бұзылуы, екіншісі адами фактор, яғни еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы. Бүгінде оқиға орнында уәкілетті мемлекеттік органдар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен облыс әкімдігінің өкілдері жұмыс істеп жатыр", – деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.

"Қазцинктегі" жарылыстан 2 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алып ауруханаға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу