Өскемендегі жылу электр орталығы шыққан ақауға байланысты түсініктеме берді

766

Өскемен қаласындағы ақау шыққан жылу электр орталығында тағы бір қазандық іске қосылды. Бұл туралы жылу электр орталығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Өскемендегі жылу электр орталығы шыққан ақауға байланысты түсініктеме берді Фото: inbusiness.kz

"Орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тағы бір қазандық іске қосылды. Соның нәтижесінде, желілік судың температурасы көтерілді. Дәл қазіргі сәтте судың температурасы 95 градусты көрсетіп отыр", - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, соңғы бірнеше күнгі қатты аяздың салдарынан Өскемен қаласының тұрғындары үйлерінің суып, тоңып отырғандарын айтқан болатын. 27 қарашада қаладағы жылу электр орталығынан ақау шыққан. Онда 7 қазандық пен 6 турбоагрегат бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу