Кешелі бері қаладағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистралінде құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалған болатын.
Қазіргі уақытта "Шығыс жылу" АҚ мамандары ақау болған жерді қалпына келтірді.
– Ақау себебі анықталған соң жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Жылу магистралі құбырлары қанағаттанарлық жағдайда. Пайдалану мерзімі – 10 жыл. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары толық аяқталды. Барлық үйлер мен нысандарға жылу берілді, – деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу