Өскемендегі жылы аялдамаларда "шәйхана" ашылып жатыр

401

Қала тұрғындары мұнда шәй мен кофе ішіп, бойларын жылытады. 

Өскемендегі жылы аялдамаларда "шәйхана" ашылып жатыр Фото: Устинка LIVE

Өскемендегі қоғамдық көлік күтетін жылы аялдамаларда ыстық шәй-кофе ішетін орындар ашылып жатыр. Жобас сәтті болса қаланың қалған аялдамаларына да осындай "шәйхана" қызмет көрсететін болады. 

Аязы қатты Өскемен үшін алып айтқанда бұл ерекше жоба. Автобус күткен қала тұрғындары мұнда шәй мен кофе ішіп, бойларын жылытады. 

- Жылы аялдамаларды осындай мақсатқа пайдалану өте тиімді. Аталмыш жобаны әкімдікке ұсындым. Қала әкімі бірден қолдап, ісімізді бастауға мүмкіндік берді. Бұл аялдаманы ашудағы негізгі мақсатымыз қала тұрғындарына барынша жағдай жасау. Неге десеңіз, жылы аялдамада отырғандықтан бұл жердегі тазалыққа да біз жауап береміз, - дейді кәсіпкер Елдар Мұхамедқазин.

Айта кетейік, осыған дейін қала тұрғындар жылы аялдамалардың тазалығына көңілдері толмайтынын айтқан. Сонымен қатар үйсіз-күйсіз жүрген адамдар аялдамаларда қонып, кейбірінің ішін сындырған жағдайлар да кездескен. 

 - Қаламыздағы үйі жоқ адамдар аялдамаларда түнеп жайсыздықтар туғызды. Бұл жобаның пайдасы барлығы арзан бағада. Осы жерден автобус күтіп шәй ішуге болады. Екінші жағынан кәсіпкер аялдаманың тазалығына, сақталуына жауапты, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. 

Кәсіпкер аялдамаларға "шәйханадан" бөлек кітап сөресін де орнатып жатыр. 

- Мұнда тұрғындарға ыстық шәй, көфе сатамыз. Ішін таза ұстаймыз. Қазір кітап сөрелерін орнатып жатырмыз. Келешекте теледидар орнатып, жолаушылар автобустардың қай жерде келе жатқанын көре алатындай жағдай жасаймыз, - дейді Елдар Мұхамедқазин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу