Өскеменді тағы да түтін басты

411

Қаланың экологиялық мәселесі қашан шешіледі?

Өскеменді тағы да түтін басты Фото: inbusiness.kz

Өскеменді тағы да түтін тұмшалады. Қалада жел соқпаған күндері осындай жағдай жиі қайталанады. Түтін осымен бесінші күн қатарынан шөгіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Қаладағы бұндай келеңсіздік жыл сайын жиілеп барады. Тұрғындар да денсаулықтарына алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Қалада тұрғындарға көшеде көп жүрмей, үйде отыруға, терезелерді ашпауға кеңес берілуде.  

– 30 наурыз сағат 20.00-ден бастап, 31 наурыз сағат 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, – делінген "Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу