Өскеменді түтін тұмшалап тұрғанына 10 күн болды

149

Мұндай жағдай көбінесе қалада жел соқпаған күндері жиі қайталанады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өскеменді түтін тұмшалап тұрғанына 10 күн болды Фото: Мерей Қайнарұлы

Қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқалы бері көшелерді түтін басып тұр. Тұрғындардың кейбірі кәсіпорындарды тұрғын үйлерден алысырақ жерге көшіруді ұсынса, басқалары зауыттардың мұржаларына жақсартылған сүзгілер орнатуды талап етуде. 

Экологтар жүргізген мониторинг мәліметтеріне сүйенсек, Өскеменде ауаға тараған бірқатар ластаушы зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен.

Атап айтқанда, күкірт диоксиді нормадан 1,4 есеге, көмірқышқыл газы 1,5 есеге асқан. 

– 25 ақпан сағат 20.00-ден бастап 26 ақпан сағат 20.00-ге дейін қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, – делінген "Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратта.

Демек, қала аспанын түтін тұмшалап тұрғанына ертең 11-ші күн болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу