Өскемендік компания ерлік жасаған студенттің оқу ақысын өз мойнына алды

117

13 мамырда Үлбі өзеніне батып бара жатқан 5 жасар баланы құтқарған Қазақстан-Америка еркін университетінің студенті Ерасыл Омархановтың ерлігі елеусіз қалмады.  

Өскемендік компания ерлік жасаған студенттің оқу ақысын өз мойнына алды Фото: ШҚО әкімдігі

Өскемендік AN Group компаниясының ұжымы студентті қолдау туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жас жігіттің батылдығы мен ерлігіне алғыс ретінде компания оның оқу ақысын өз мойнына алып отыр. 13 мамыр күні кішкентай бала әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүрген кезде суға құлап кеткен. Ерасыл дер кезінде көмек көрсетіп, баланы құтқарып қалды.

Бейбіт күннің батыры бүгінде "Психология" мамандығы бойынша білім алып жатыр.

"AN Group-тың бұл бастамасы – өзге кәсіпкерлерге үлгі боларлық іс", – деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, баланы құтқарған студентті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы марапаттады. Ерасыл Омарханов "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалінің иесі атанды. Ал, Өскемен әкімі Алмат Ақышов студенттің ерлігін бағалап, оған ақшалай сыйлық берген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу