Өскемендік компания Қытайға күнбағыс майын экспорттайды

1164

Экспорттық келісімшарттың жалпы сомасы 10 миллион АҚШ долларын құрайды. 

Өскемендік компания Қытайға күнбағыс майын экспорттайды

"KazakhExport" компаниясы "Сей-Нар" өндірістік кешені" ЖШС-ге "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-дан алған банк қарызын сақтандыру арқылы қолдау көрсетті, деп хабарлайды сақтандыру компаниясы.

"Сей-Нар" бұл қарызды тазартылмаған өсімдік майын өндіру үшін шикізат (күнбағыс) сатып алу мақсатында алған.

Бөлінген қаражат есебінен компания қытайлық трейдермен жасалған экспорттық келісімшарт бойынша, сондай-ақ қолға алынған басқа да келісімшарттар бойынша міндеттемелерін орындауды жоспарлап отыр. Сақтандыру қорғанысының берілуі кәсіпорынның бүкіл жыл бойы үздіксіз өндірісін қамтамасыз ету үшін 20 000 тонна көлемінде күнбағыс сатып алу қажеттілігімен байланысты. Бұл шикізаттан компания 9 000 тоннаға дейін май өндіріп, өндірген өнімін Қытайға экспортқа өткізе алады. ҚХР компаниясымен жасалған экспорттық келісімшарттың жалпы сомасы 10 миллион АҚШ долларын құрайды. 

Айта кетсек, "Сей-Нар" өндірістік кешені" тазартылмаған өсімдік майын, шрот, ұн және ауыл шаруашылығының басқа да қайта өңделетін өнімдерін шығарады. Кәсіпорын өнім көлемінің 60%-нан астамын Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан секілді елдерге экспорттайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу