"Тілсіз жау 21 ақпан күні түнде Өскемен қаласы, Шиелі көшесінен шықты. Жекеменшік үйдің шатыры мен үй маңынан салынған құрылыс өртеніп жатты. Біздің қызметкерлер жанып жатқан аумақтан 2 газ балонын және 35 араның ұясын алып шықты" - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Отты сөндіруге 19 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылған.
Қызыл жалын электр қондырғыларды пайдалану барысында қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу