Өскемендік полицейлер интернет алаяқтарын қолға түсірді

467

Жедел-тергеу барысында қылмыстық топтың 253 мобильді құрылғы мен ұялы операторлардың 573 абоненттік нөмірін пайдаланғаны анықталды.  

Өскемендік полицейлер интернет алаяқтарын қолға түсірді Фото: gov.kz

Өскеменде тәртіп сақшылары қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы 28 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның 22 және 27 жастағы көмекшілері болған, деп жазады inbusiness.kz.

Шығыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мақсатты іс-шаралар өткізу нәтижесінде 2022 жылдың қаңтарынан бастап интернет желісі арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады. 

Күдіктілер Instagram әлеуметтік желісінде жалған “бір күндік” аккаунт ашып, онда “онлайн несие ресімдеуге көмек” туралы хабарландырулар орналастырған. Әрі қарай алдау арқылы өздеріне жүгінген азаматтарға олар микрокредиттік ұйымдарда тауарлық кредиттер ресімдеген. Қазіргі уақытта Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде және Шығыс Қазақстан облысында тұратын 109 жәбірленуші анықталған. Күдіктілердің тұрғылықты жеріне тінту іс-шараларын жүргізу барысында теңгеріміне 60-тан астам тұлғалардан толықтырулар жүзеге асырылған ұялы телефондар, түрлі банктердің банктік карталары, ұялы байланыс операторының Simply карталары тәркіленген.

Сонымен қатар, жүргізілген тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері жәбірленушілерге несие ретінде ресімделген теледидар, планшет, ұялы телефондарды күдіктілер Өскемен қаласының ломбардтары мен комиссиялық дүкендеріне тапсырған, сондай-ақ өткізілген тауарлардың жазбалары бар журналдар сияқты заттай дәлелдемелерді тәркілеген.

Криминалдық полиция қызметкерлері осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында басқа облыстарға бағдар жолдады.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс шаралары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу