Өскемендік жігіт ломбард сарапшысын сазға отырғызып кетті

825

Клиентке қатысты қылмыстық іс қозғалды 

Өскемендік жігіт ломбард сарапшысын сазға отырғызып кетті

Өскемен қаласының Ертіс аудандық полиция бөліміне облыс орталығындағы ломбардтардың бірінің бағалаушы-сарапшысы жүгінген. 

"Оның сөзінен ломбрад клиентіне алданғаны белгілі болды. 29 жастағы жігіт 54 мың теңгенің қос жүзігін өткізген. Кейін неке жүзіктерін мұқият қараған сарапшылар бұйымның алтыннан жасалмағанын анықтапты. Алтын жалатылған жүзік иесін жедел іздестіру тобы көп өтпей қолға түсірді. Жұмыссыз күдікті өз кінәсін мойындады. Оның үстінен "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу