Жалпы Шығыс Қазақстан облысында қатты отын сататын 2 ірі қойма бар. Ондағылар вагондар тауарды аз мөлшерде жеткізіп жатыр дегенді айтады. Сондықтан, үнемдеуге тура келіп отыр екен. Оның үстіне жауаптылар жетіспеушіліктің орнауына халықтың да кінәсі бар дегенді келтіреді. Ала жаздай қоймада тұрған көмірге сұраныс болмай, әбден қара суық жеткенде байбалам салады деп. Дегенмен, әкімдіктер өңірде көмір тапшылығы жоқ дейді. Әлеуметтік санаттағы топтарға әлдеқашан қатты отын беріліп қойыпты.
Болат Базенов, көлік жүргізушісі:
"Қонғандар бар, айтады, тостық деп. Бір күн тосқандар бар,солай енді біз де тосамыз, қонатын шығармыз. Кім біледі қай уақытта келетінін".
Иван Тимофеев, "ВЭУС" ЖШС директоры:
"Өскеменде көмірдің бір тоннасы 8050 теңгеден сатылуда. Зырян қаласында 8400. Себебі 200 киллометр жолы бар және Предгорный ауылында 8150 теңгеден. Ал басқа жерде қымбаттан сатып жатыр десе, алып сатарлардың жұмысы деп ойлаймын".
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу