Өскемен қаласындағы кейбір жылу қазандықтары 70 жылдан бері жаңартылмаған. Ал жылу компаниясы өз бетінше жаңа қазандық сатып ала алмайды, деп хабарлайды abctv.kz.
"Өскемен жылу-электр орталығында 1947 жылы орнатылған қондырғылар бар. Біздіңше, пайдасы жоқ турбиналы генераторларды жөндей бергенше, жаңа қазандық орнатқан әлдеқайда тиімді, – дейді облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк.
Тығырықтан шығу жолын іздеу барысында Шығыс Қазақстан облысы баламалы қуат көздеріне назар аудара бастады. Қазір мамандар "EXPO-2017" көрмесінде таныстырылған шетелдіктердің 14 жобасын түбінде қолданысқа енгізу үшін жан-жақты зерттеп жатыр.
Әзірше қала басшыларына жылу қазандығының мәселесін шешу қажет болып тұр. Ал қарапайым халық қыстың көзі қырауда жылу қазандығы істен шықса не болады деп үрейленуде.