Өскеменге 85 заманауи жаңа автобус әкелінеді

577

Қазіргі кезде жекеменшік серіктестерді іріктеуге арналған конкурстық комиссия жасақталған, оның құрамына атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіріп отыр.

Өскеменге 85 заманауи жаңа автобус әкелінеді

Еуропалық қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Қазақстанның даму банкі бағдарламалары арқылы Өскемен мен Семей үшін жаңа автоубстар алу көзделген. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде айтылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өскемен қаласына 85 заманауи автобус сатып алу жоспарланған. Қазіргі кезде жекеменшік серіктестерді іріктеуге арналған конкурстық комиссия жасақталған, оның құрамына атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіріп отыр.

Ал өңірдегі екінші ірі қала – Семейдің әкімі Ермак Сәлімовтің мәліметінше, шаһарда осы жылы жаңа автобустар пайда болмақ, бүгінгі таңда автоматтандырылған жүйені құру жөнінде ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов аталған жобаның тұрғындар үшін маңызын атап, оны іске асыруда барынша жауапкершілік танытуды талап етті.

"Қоғамдық көліктердің үздіксіз әрі сапалы қатынауы – өте маңызды міндет. Осы жоба аясында бөлінген қаржының жұмсалуын қатаң бақылауға алған жөн. Автобустардың тоқтауына жол беруге болмайды. Ал, алға межеленген барлық конкурстар ашық, әділ өтуге тиіс, оларға қоғамдық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құрлдарының өкілдерін тарту қажет", – деп түйіндеді тақырыпты облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу