Өскеменге қар жауды

767

Өскеменге қар жауды

Бүгін Өскеменге қар жауып қалды. Қаланың іші қазір кәдімгі қыс айларындағыдай болып тұр. Таулы өңірлерге қар тіпті қалың жауған, деп хабарлайды Алтайньюс.

Метеоқызмет өкілдерінің таң ата тұман түсіп, жел күшейді деген болжамдарына қарамастан осыдан бірнеше сағат бұрын Өскеменге қар түсті. Қазір мұнда ауа температурасы 2 градусты көрсетіп тұр.

Синоптиктердің болжауынша бүгін түнде ауа температурасы төмендеп,  ертең түстен кейін күн күрт жылынып, ауа температурасы +25+30 градусқа дейін жетеді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу