Өскеменге жаңа автобустар сатып алынады

1957

Қазір облыстық және қалалық әкімдік мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Еуропалық банкпен бірге 84 жаңа автобус сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде. 

Өскеменге жаңа автобустар сатып алынады

Облыс орталығында тозығы жеткен қалалық автобустар жаңартылады, деп хабарлайды  kaz.altaynews.kz.

Қазіргі уақытта Өскеменде 44 автобус пен 14 шағын автобус бағыттары бар. Қаладағы жалпы қоғамдық көлік саны 504 автобус пен 269 шағын автобусты құрайды.

"Күнделікті қала ішіндегі бағыттар бойынша 322 автобус пен 104 шағын автобус шығады, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Руфат Акрамов. – Қала ішіндегі бағыттардағы қозғалыстың жүйелілігі жоғары екенін айта кету керек".

Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін № 17 "Ивушка" – К. Маркс даңғылы, № 60 Октябрьский кенті – облыстық балалар ауруханасы бағыттары Есенберлин даңғылына дейін ұзартылып отыр екен. Сондай-ақ, биыл 592 автобус аялдамасының 80 пункті жаңартылып, 311 аялдамадағы ақпараттық тақтайшалар ауыстырылған.

ТҮКШ бөлімі басшысының айтуынша, қаладағы қоғамдық көліктердің 60% -тан астамы жаңартуды қажет етеді. Алайда тасымалдаушы компаниялардың әлемдік заманауи стандарттарға сай жаңа автобустар сатып алуға мүмкіндігі жоқ екен. Сол себепті қала басшылығы бұл мәселені шешудің жолдарын қарастыруда.

Осыған орай, қазір облыстық және қалалық әкімдік мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Еуропалық банкпен бірге 84 жаңа автобус сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл автобустар қаладағы тасымалдаушыларға берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу