Өскеменнің әуежайын қалпына келтіруге 5,2 миллиард теңге жұмсалады

814

Әуежайдың ұшып-қону алаңы 45 метрге дейін кеңейтіліп, 288 метрге дейін ұзартылады. 

Өскеменнің әуежайын қалпына келтіруге 5,2 миллиард теңге жұмсалады

Өскемен қаласының әуежайын қалпына келтіруге 5,2 млрд теңге жұмсалады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Шығыс Қазақстан облысы орталығының әуежайын қалпына келтіруге қаржы Еуразия қайта құру және даму банкінің кредиттік траншеясы ретінде бөлінетін болады. Жалпы сома - 5 млрд 200 млн теңге. Goszakup.gov.kz сайтындағы мәліметтерге сәйкес, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге облыстық бюджеттен 172 млн теңге бөлінді.

ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтында орналастырылған ақпаратқа сүйенсек, әуежайдың ұшып-қону алаңы 45 метрге дейін кеңейтіліп, 288 метрге дейін ұзартылады. Сондай-ақ жүк терминалы мен бақылау-өткізу пункті, екі өрт сөндіру көлігіне арналған гараж, қойма, трансформаторлық кіші стансыға қосалқы ғимарат салынуы тиіс.

Еске салайық, 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Өскеменнің әуежайы "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ға тиесілі.

"Ертіс" ӘКК мен ЕҚДБ арасында Өскеменнің әуежайын жаңғырту бойынша 5,2 млрд теңгеге алдын ала келісім жасалды. Қазір әуежайдың қызметі үшін жаңа тарифтерді енгізу мәселесі шешілуде. Бұл алдағы уақытта несиені төлеуге мүмкіндік береді. Әрине, ол тарифтерді республикалық ведомстволармен келісу қажет. Жұмыстар жүргізілуде", - деді "ШҚО-ның мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі өңірлік орталығы" АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас сарапшысы Юрий Халитов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу