Өскеменнің бір көшесіне Сәбира Мұхамеджанованың есімі беріледі

1225

Өскемен қаласында Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға көше аты берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Өскеменнің бір көшесіне Сәбира Мұхамеджанованың есімі беріледі

"Алдағы жылы қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Ал ызғарлы желтоқсанда намысшыл жастардың алаңға шыққанына 35 жыл болмақ. Осыған орай Өскеменде бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесуімде кеңінен талқыланды. Басқосуға Өскемен қаласында тұратын 10 шақты желтоқсаншымен бірге "Желтоқсан-86" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Рамазанов қатысты. Алдағы уақытта іс-шаралардың кешенді жоспары жасалып, бекітіледі. Оларды жүзеге асыруға қалалық әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп, арнайы қаражат бөлінеді", - деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Ерекше атап өтерлік шаралардың қатарында Өскеменнің бір көшесіне Сәбира Мұхамеджанованың есімін беру бар.

Сондай-ақ ол оқыған училищеде арнайы сынып ашу және шәкіртақы тағайындау қарастырылған.

Сәбира туралы кітап шығару мен деректі кино түсіруге де қолдау көрсетілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу