Өскеменде қосалқы стансадағы апат салдарынан қала жарықсыз қалды, деп хабарлайды inform.kz.
Шығыс Қазақстан ӨЭК" АҚ апат себебін мәлімдеуге асығар емес, себебі апат неден болғаны әлі белгсіз. Тек қосалқы стансалардың бірінде жоғары вольтты жабдықтың зақымданғаны белгілі. Осыдан кейін автоматты қорғаныс іске қосылып, өзге қосалқы стансалар сөнген. Бұл ауызсу беретін сорғылардың да жұмысын тоқтатты.
"ШҚ ӨЭК" АҚ баспасөз қызметінің қызметкері Алексей Проскуряков: "Жүйе қайта іске қосылғаннан кейін энергиямен қамтамасыз ету қалпына келеді. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Түске дейін электрмен қамтамасыз ету жүйесі толықтай қалпына келтіріледі деп үміттенеміз", – дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу