Өскемен қаласындағы Қ. Бітібаева көшесінің бойында көлік өртенді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Тойота Сурф" маркалы автокөліктің капотынан өрт шыққан. Өрттің аумағы - 1,5 шаршы метр.
Осы ретте ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады:
- суық мезгілде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыз;
- машинада электр жабдықтарын өзіңіз жөндемеңіз;
- автомобильдің электр сымдары мен жанармай жүйелерін мүмкіндігінше жиі тексеріп отырыңыз;
- егер сіз өрт иісін сезсеңіз, дереу тоқтаңыз, тұтануды өшіріңіз, егер мүмкін болса, аккумуляторды ажыратыңыз;
- мүмкін болса, бастапқы кезеңде өртті сөндіргішпен басуға тырысыңыз;
- егер құтқарушылардың көмегі қажет болса 101 немесе 112 нөмірлерін теріңіз.