Өскеменнің қақ ортасында көлік өртеніп кетті

296

Шәкәрім көшесінде жол ортасында "Део" маркалы автокөлік өртеніп, өрт 2,5 шаршы метр аумаққа тарады.

Өскеменнің қақ ортасында көлік өртеніп кетті Фото: ТЖД

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Altaynews порталына сілтеме жасап.

Биыл барлығы 80-нен астам көлік өрті тіркелген. ШҚО ТЖД ұсынған дерекке сүйенсек, өрттің жиі кездесетін себебінің бірі — электр сымдарының тұйықталуы.

ШҚО ТЖД өрттің 80 пайызы электр сымдарының тұйықталуына байланысты екенін мәлімдеді. Дерекке сүйенсек, көлік иелерінің көбі көлігін мамандандырылған техникалық тексеру орындарынан өткізбейді, яғни сертификаты жоқ адамдарға тексертетін көрінеді.

Құтқарушылар көліктің тұтануына 4-6 минут жеткілікті екенін айтады. Мамандар көліктен түтіндей бастаса көліктен шығу қажеттігін айтады, себебі уланып қалу қаупі жоғары көрінеді.

Төтенше жағдайда "101" немесе "112" нөмірі арқылы хабарлау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу