Өскеменнің қоғамдық көліктеріне электронды төлем жүйесі енгізілмек

892

Өскемендіктер 1 қыркүйектен бастап автобустарда, трамвайларда және микроавтобустарда жолақысын SMS, QR-код және "Oskemencard" көлік картасы арқылы төлей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменнің қоғамдық көліктеріне электронды төлем жүйесі енгізілмек Фото: kursiv.kz

Қазір қаланың барлық қоғамдық көлігі валидаторлармен, GPS-трекерлермен, борттық компьютерлермен және мобильді терминалдармен жабдықталған. Жолақысының автоматтандырылған төлем жүйесіне 9 маршруттық такси қосылған (№ 228, 229, 230, 246, 253, 255, 260, 261 және 262), 4 автобус (№12, 24, 60 және 67) және 3 трамвай бағыты (№ 1, 3 және 4). Жүйе тамыз айының соңына дейін барлық қалалық маршруттарда іске қосылады.

"Beeline компаниясымен бірге SMS және QR-код арқылы жолақысын төлеу механизмі ретке келтіріліп, тексерілді. Қызмет заманауи көлік жүйесі толық іске қосылғаннан кейін қолжетімді болады. Жолақысын бүкіл әлемде кеңінен таралған дәстүрлі тәсіл – көлік картасы бойынша да төлеуге болады. Алдымен ол карта қаланың 34 нүктесінде сатылады, шығарылады және толтырылады. Бұл картан 500 теңге тұрады. Жеңілдігі бар көлік картасы мектеп картасы сияқты тегін берілетін болады", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, "Oskemenbus" мобильді қосымшасы іске қосылды. Онда автобус қозғалысын қадағалауға, аялдамаға келу кестесі мен нақты уақытын тексеруге және межелі жерге дейін барудың ыңғайлы маршрутын жасауға болады. Іске қосылған бетте қосымшаны 100 мыңнан астам адам жүктеп алған.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу