Дәрігердің инесінен, яғни уколдан қорқатын өскемендіктер енді тамыр тұстарындағы көгерген іздерден және тамырішілік шприцтердің қанталаған ізінен құтылатын болады, деп хабарлайды altaynews.kz.
Төртқырлы көбелек тектес жаңа инелер адам денесіне тесіп немесе кесіп кірмей, тінді жылжыта отырып енеді екен. Бұл — ине салынған адамға ауырсыну сезімін барынша төмендетеді, тіпті мүлдем білінбейді деп айтуға болады. Сонымен қатар жарақат ізі, яғни ине орыны да қалмайды
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, Өскемендегі кейбір медициналық мекемелер қазірдің өзінде иненің жаңа түріне көшіп үлгерген.
"Қазір жаңа инелер біртіндеп сатып алынып, қолданысқа енгізілу үстінде. Облыс әкімінің тапсырмасымен жыл соңына дейін барлық мед мекемелер жаңартылған инеге өтеді",-дейді Ілияс Мұхмеджан.