Өскеменнің өнеркәсіп ауданында ЖЭО өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз берген ақпарат бойынша, өрт бүгін сағат 11-ге қарай шыққан. Дәл қазір қызыл жалын 400 шаршы метрді қамтып отыр. Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамындағы 20 техника мен 80 адам жұмылдырылған.
Әзірге адам шығыны туралы мәлімет жоқ, өрттің беті қайтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу