Өскеменнің түрмесінде оқ атылды

670

Сотталушы екі азамат сақшыларға қарсы шыққан. 

Өскеменнің түрмесінде оқ атылды Фото: ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Өскемендегі түзету мекемелерінің бірінде оқ атылды. Белгілі болғандай сырттан белгісіз біреулер сотталғандарға тиым салынған "сәлемдеме" бермекші болған.

Оқиға 14 сәуір күні түнгі сағат 00:21 шамасында Өскемендегі №16 түзету мекемесінің бекеттерінің бірінде болған. Түрменің сыртындағылар лақтырған тиым салынған затты алмақ болған сотталушы екі азамат сақшыларға қарсы шыққан.

- Белгісіз біреу қоршаудың арғы жағынан түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырып жіберген. Оралған зат бақылау күзетіндегі тыйым салынған аймаққа түсті. Сол сәтте 3 сотталған адам жүгіріп келіп, затты алып кетпек болғанда оқиға орнына 6699 әскери бөлімінің екі бақылаушысы жедел жетіп, сотталғандарды ұстай бастады. Алайда олар бақылаушыларға қарсылық көрсеткен. Жағдай ушығып бара жатқанын жоғарыда байқап тұрған сақшы дереу "Тоқта, артқа шегін, атамын!" деп айғайлап, автоматты сақтандырғыштан алып, жоғарыға ескерту оғын атты, - дейді ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Осы кезде бақылаушылардың бірі оралған затты тыйым салынған аймақтан негізгі қоршау жаққа қарай лақтырып жіберген.

- Сол кезде сотталғандардың бірі оны алу үшін негізгі қоршау аймағына қарай ұмтылған. Мұны сырттан бақылап тұрған сақшы айғайлап, аспанға ескерту оғын атады. Қарудың дыбысынан қорыққан сотталушы дереу артқа шегінген. Осы сәтте ішкі аумаққа жүгірген екі бірдей сотталған да дереу ұсталды, - дейді Бағдат Амангелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу